русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Әлем жаңалықтары

новость от 07.10.2020

Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі жұмысы бағаланды
Женевада Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Су ресурстарын ықпалдасып басқару жөніндегі жұмыс тобының он бесінші отырысы өтті. Әлемнің 180 елінен келген қатысушылар кездесуге қашықтықтан және офлайн қатыса алды.
Халықаралық диалог барысында Қазақстан өкілдері онлайн-режимде Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенцияның рөлін арттыру және оны жаһандық деңгейде қолдану аясын кеңейту бойынша ел қабылдап жатқан шараларды атап өтті, сондай-ақ жаңа елдерді оған қосылу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.
Жұмыс тобы Қазақстанның бастамалары мен елдің трансшекаралық контексте су ресурстарын орнықты және әділ бөлу жөніндегі басшылықты әзірлеу процесіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар Су саясаты бойынша ұлттық диалогты (ССҰД) орындаудағы ілгерілеушілік атап өтілді, ол Қазақстанда іске қосылған сәттен бастап су ресурстарын басқару мәселелері бойынша елдің түрлі секторлары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді құралға айналды.
Қазақстан су ресурстарын ықпалдасып басқару жөніндегі жұмыс тобы сарапшыларының жоғары бағасына ие болды.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары