Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 07.10.2020
Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеп, қуат алатын өңірлер саны көбеюі мүмкін
Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының тұрғындары Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтен өңірді қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу арқылы электр энергиясын алатын «Waste to Energy» механизмін енгізу бағдарламасына қосуды сұрады. Аталмыш механизм қалдықтарды кейіннен электр энергиясын өндірумен және жаңартылатын энергия көздеріне ұқсас жүйеге жіберумен өртеуді қарастырады. Бұл бағдарлама Еуропада өзін жақсы жағынан дәлелдеді. Экология министрлігінің басшысы өз кезегінде мұндай мүмкіндікті болашақта қарастыруға уәде берді.








