русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 08.10.2020

Жол картасы экологиялық жағдайды жақсарту құралы ретінде
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қостанайлық қоғам белсенділерімен кездесу барысында осылай деді.
Жиналыста өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу бойынша дайындалып жатқан Жол картасының жобасы таныстырылды. Қазір Қостанай облысында экология бойынша бірқатар проблема бар. Жол картасы соның бәрін қамтуы тиіс.
«Мұндай проблемалардың қатарына Қостанайда биологиялық тазарту станцияларының жоқтығын, облыс қалаларындағы канализациялық тазарту ғимараттарының тиімсіз жұмысын, елді мекендердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру мәселесін жатқызуға болады. Осы және өзге де сұрақтар бойынша кешенді шаралар қабылдау керек. Бұл бағытта әкімдіктің атқаратын жұмысы маңызды. Айта кетейік, аталған өңір бойынша дайындалған Жол картасы көгалдандыру, жер ресурстары, су ресурстары, қалдықтарды басқару, атмосфералық ауаға шығарылатын қалдықтарды азайту секілді 7 бөлімнен тұрады.
Енді кездесуге қатысқан қоғамдық ұйымдар мен өңірдегі ірі өндіріс орындарының өкілдері Жол картасы жобасымен толық танысып, екі апта ішінде өз ұсыныстары мен ескертулерін беруі тиіс.
«Біздің мақсатымыз бен міндетіміз ортақ екенін түсіну керек. Кері байланыс қажет. Тек сонда ғана аталған құжат арқылы өзекті экологиялық проблемаларды шеше аламыз», - деп атап өтті министр. Экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған Жол карталарын министрлік басқа өңірлер халқымен де талқылауды жалғастырады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары