Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.10.2020
Ағып кетулер тек су құбырлары желілерінен ғана бола бермейді
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметіне күн сайын Шымкенттің көшелерінде болып жатқан ағып кетулер туралы сұраныстар түсіп жатады. Хабарлап жатқан тұрғындарға дән ризамыз.
Сонымен бірге жерасты және жерүсті ағып кетулер тек су құбырлары желілерінен ғана бола бермейтінін айта кетейік. Су ирригация және жылу жүйелері бойынша да жүреді.
Мысалы, қала тұрғыны Жангелдин-Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болған ағып кету туралы бейнені жіберген. Су жаяу жүргіншілер жолы мен автобус аялдамасына ағып кеткен. Оқиға орнына жедел жөндеу бригадасы барған. Дегенмен, тексеру барысында су ирригация қызметіне жататын құбырдан кетіп жатқаны анықталған. Орталық диспетчерлік қызмет мамандары сұранысты тиісті орынға жіберді.
Кез келген жағдайда ағып кетудің немесе құбыр жарылудың куәгері болсаңыз, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң орталық диспетчерлік қызметіне 8 (7252) 321-274, +77081102121 телефондары арқылы қоңырау шалыңыз.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты