Жаңалық - Микс
новость от 12.10.2020
Шымкенттік жас технолог дезинфекциялау құралын ойлап тапты
М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітірушісі Азамат Қоңырбай суды, тұрмыстық және өндірістік ғимараттарды залалсыздандыруға арналған озон генераторын әзірлеп жасады.
«Құрылғының өзіндік құны 150 000 теңге, бұл бір жыл санитарлық дезинфекция қызметін қолданғанға қарағанда 25 есе арзан. Тиімділігі – оңай жөнделеді, қол жетімді, ыңғайлы, көп мәрте қолдануға болады», - дейді жас технолог.
Озон-генератордың технологиялық жаңашылдығы – оны автоматты түрде, қашықтықтан, адамның қатысуынсыз пайдалануға болады. Бұл технология залалсыздандыру, медициналық қызметкерлердің арнайы киімдерін дезинфекциялау және адамдар көп жиналатын орындарды тазарту үшін сұранысқа ие.
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты