Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.10.2020
Тексеруші (обходчик) мамандығы
12 жыл бойы Темірхан Бегімбетов ауа-райына қарамастан өз маршрутына шығады. Бір күнде ол 8-ден 10 шақырымға дейін жүреді. Темірхан аға – санитарлық-қорғау аймағының инспекторы немесе, қарапайым тілмен айтсақ, обходчик. Оның басты міндеті – су құбырлары, су және кәріз құдықтарының және су есептегіштері бар тарату тораптарының жағдайын зерттеу.
«Біз су және кәріз желілері бойындағы санитарлық-қорғау аймағының бұзылуын, ағып кетулер мен жарылыстарды анықтаймыз. Біздің міндетіміз – визуалды бақылау жүргізу, біз құдыққа түспейміз, тарату тораптарын ашпаймыз. Біз су шаруашылығы мекемесінің орталық диспетчерлік қызметіне заң бұзушылықтар мен төтенше жағдайлар туралы хабарлаймыз және олар қажетті шараларды қабылдайды», - деді санитарлық қорғау аймағының инспекторы өзінің жұмысы туралы.
Орталық диспетчерлік қызметте 7 адам обходчик болып жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы күнде зерттелетін аумақтың анықтама қағазын алады. Санитарлық-қорғау аймағы инспекторларының қозғалысы бақыланады және қадағаланады.
«Біз обходчик анықтаған ақауларды аумаққа қызмет көрсететін жедел қызметке бағыттаймыз. Олар мәселені 24 сағат ішінде жоюы керек. Біз обходчиктердің маршрут бойымен қозғалысын, кестенің сақталуын GPS-трекердің көмегімен бақылап отырамыз», - деп түсіндірді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і орталық диспетчерлік қызметтің басшысы Арман Болатбеков.
Шымкенттегі сумен жабдықтау және кәріз құбырларының ұзындығы мыңдаған шақырыммен есептелген, құдықтар саны да өте үлкен. Сондықтан, су шаруашылығы мекемесінің обходчиктері үшін әрдайым жұмыс жеткілікті.
барлық дауыс: 5539
дауыс мұрағаты