Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 13.10.2020
Пластик адамды ауруларға шалдықтырады
Бүгінгі таңда әрбір қазақстандық жылына 400-500 кг немесе күніне 1,5 кг қоқыс шығарады! Жалпы алғанда, ел аумағында жыл сайын 5 миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады, оның 15%-дан астамы пластикалық қалдықтар. Алайда «Jasyl Arystan» жаңа экологиялық ұйымы басшыларының пікірі бойынша, бұл сандар сенімсіз, сондықтан да Қазақстан аймақтарының ластануын зерттеу бойынша жоба дайындалуда. Мақсат – пластик тұтынуды мүлдем жою.
Пластик адамды жүйке жүйесі ауруларына, қатерлі ісік ауруларына, генетикалық мутацияларға шалдықтырады. Кәдімгі полиэтилен пакетін өртеген кезде ауаға 70-ке дейін әртүрлі қосылыстар тарайды. Олардың көпшілігі адамға улы болып келеді. Егер олар денеге енсе, сыртқа шығарылмайды және қатерлі ісікке әкеледі.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты