Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 14.10.2020
Жаңа кодекс қоршаған ортаны қорғау мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді
Жаңа Экологиялық кодекс, ең алдымен, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесуі керек. Мәжіліс спикері ел басшылығының Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар кешенін пысықтау жөніндегі тапсырмаларына тоқталды.
Әзірлеушілердің айтуынша, технологиялық процестерді жаңғырту қоршаған ортаға эмиссияны азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорындар үшін ынталандыру шаралары ретінде қолда бар ең жақсы технологиялар енгізілген жағдайда, кәсіпорындарды экологиялық төлемдерден босату, немесе, керісінше, эмиссиялық төлемдерді біртіндеп арттыру ұсынылады.
Депутаттар экологиялық сақтандыру мәселесін де көтерді. Бұл тек 1-ші санаттағы нысандар үшін міндетті болады деп қарастырылған.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты