Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 20.10.2020
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрін қабылдады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің биылғы 9 айда атқарған жұмыстарының негізгі бағыттары жөнінде есеп барысында Мағзұм Мырзағалиев Президентке Экология кодексінің Мәжілісте қаралып жатқаны туралы егжей-тегжейлі баяндады. Мемлекет басшысы аталған құжатқа оң баға беріп, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жаңалықтарды атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аталған Кодекс қоғамды табиғатты аялауға шақыруға және ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемін азайтуға үндеуімен айрықша маңызды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына су саласын цифрландыру туралы баяндалды. Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су арнасын цифрландырудың пилоттық жобасының аяқталғаны туралы айтты. Бұл су шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа балық шаруашылығының жағдайы және осы бағытты дамытудың салалық бағдарламасының әзірлену барысы туралы ақпарат берілді. Министрдің айтуынша, Қазақстан су қоймаларының әлеуеті балық өсіру көлемін жылына 7,5 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл балық экспортын 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға ықпал етеді.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты