Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 21.10.2020
Абай ауданы төрт шағынауданының тұрғындары таза суға қол жеткізеді
Шымкент қаласы Абай ауданының 10 елді мекенінде инфрақұрылым проблемалары шешілуде. Жалпы, ауданда 24 елді мекен, немесе 71%-ы, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Биыл сумен қамтамасыз ету проблемасын шешуге 8,4 млрд. теңге қаралған. Жыл соңына дейін төрт елді мекенде ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталады, нәтижесінде шамамен 18 мың адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Сонымен қатар, 195,3 шақырымға ирригациялық жүйелер орнатылды. 2020 жылы жеті мекен-жайға ирригациялық жүйелерді (науаларды) орнату толығымен аяқталды. Науалар 37,5 шақырымға қажет. Бұл туралы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтініш берілді. Жұмыстар 2021 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, «Самал-1», «Самал-2» және «Самал-3» шағын аудандарында кәріз желілері салынуда.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты