Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.10.2020
Сіздердің көмектеріңіз керек!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і дабыл қағуда. Белгісіз адамдар есірткі құралдарын тарату тораптарында жарнамалайды. Алайда бұл проблема тек біздің кәсіпорында ғана емес. Осындай трафареттерді үйлердің қасбеттерінен де көруге болады. Сондықтан, бұл жалпықоғамдық қауіп.
Қазан айының басынан бастап «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң дилерлік ұйымдары тарату тораптарында есірткі жарнамасының 24 жағдайын анықтады. Әрине, мұның бәрі тез арада өшірілді, бірақ, өкінішке орай, оқиға қызғылықты заңдылықпен қайталануда.
«Бұл актілердің барлығы қылмыстық және әкімшілік кодекстерге бағынады», - деді Кеңес Әлібаев, кәсіпорынның заң бөлімінің бастығы. - Біріншіден, бұл есірткінің жарнамасы, екіншісі – бұзақылық, үшіншісі – бөтеннің мүлкіне зиян келтіру. Осындай фактілер туралы бізге немесе полицияға хабарлауыңызды сұраймыз».
Шымкент қалалық полиция бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінде есірткі жарнамасы күрделі мәселе екендігі және оған қарсы күрес жүргізіліп жатқандығы туралы бізге хабарлады. Мысалы, есірткіге қарсы күрес басқармасының уәкілдері, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері арасынан жедел ден қоюдың арнайы топтары құрылды. Қазір волонтерларды – жастар ресурстық орталығының қыздары мен ұлдарын тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қарапайым Шымкент тұрғындары есірткінің таралуына ықпал ететін тұлғаларды табуға арнайы көмек көрсете алады. Полиция қала тұрғындарынан, егер мүмкін болса, суретке немесе бейнежазбаға түсіруді, есірткі жарнамаларын таратушыларды ұстауға көмектесетін кез-келген ақпаратты беруін сұрайды. Ақпаратты тікелей Шымкент қаласы ДП есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлеріне жіберуге болады. WhatsApp: +77788881000; +77786679997. Деректерді біздің ұялы байланыс желілерімізге немесе мессенджерлерге де жібере аласыздар: +77019892219; +77057581111.
Еске сала кетейік, Қазақстанда есірткіні насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілген. 2020 жылдың қаңтарында Қылмыстық кодекске «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» атты жаңа норма енгізіліп, оған 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Заңсыз тұтынуды насихаттау, есірткі сату, есірткі өсімдіктерін өсіру сияқты қылмыстардың мақсатты аудиториясы жастар болып табылады.
АНЫҚТАМА: Вандализм үшін айлық есептік көрсеткіштің жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады, ҚР Қылмыстық кодексінің 258-бабы.
Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру үшін екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салынады, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары жасалады немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты