Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 25.10.2020
Қазақстандағы табиғатты қорғаушылар үшін алғашқы премия тағайындалды
Нұр-Сұлтанда еліміздің үздік инспекторларына, орманшыларына және табиғат қорғаушыларына орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы «Елім-ай» арнайы премиясы табысталды. Экология министрлігі экологиялық гуманизм принциптерінің жүзеге асырушысы болып табылатын қазақстандықтардың еңбегін тану үшін «Елім-ай» сыйлығын табыстауды дәстүрге айналдырмақ. Сыйлық 16 аталым бойынша берілді.
«Осы бағытта жұмыс істейтін мамандардың жұмысын бағалау өте маңызды. Біз министрлік ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметкерлері мен эко-еріктілердің мәртебесін көтеру және қоғамда оларға деген құрмет сезімін тәрбиелеу міндетін қойдық. Бұл саладағы материалдық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Браконьерлік үшін жаза да қатаңдатылды», - деді ҚР Экология министрлігінің басшысы М.Мырзағалиев.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты