Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 25.10.2020
Абай ауданында 150 жаңа қоқыс контейнері орнатылды
Шымкент қаласының Абай ауданында күзгі санитарлық тазарту және көгалдандыру, сенбіліктер ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Otyrar.KZ.
Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, 485 контейнер 112 қоқыс алаңында орналасқан.
Бүгінгі күні «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысады.
Көп қабатты үйлердің аулаларында жауапты коммуналдық қызметтердің тізімі көрсетілген арнайы ақпараттық белгілер ілінді.
Сонымен қатар, «Ақжар» тұрғын алабында арнайы қоқыс алаңдарын салу үшін 3 және «Алтынтөбе» тұрғын алабында 7 жер учаскелері бөлінді. Бүгінгі күні бұл жерлерде 10 қоқыс алаңы мен 20 контейнер орнатылған.
барлық дауыс: 5545
дауыс мұрағаты