Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.10.2020
Автокөлік иелері мен Гагарин көшесі тұрғындарының назарына!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і 29 қазанда Гагарин көшесінде (Павлов көшесінен Жеңіс көшесіне дейін) ұзындығы 1600 метр (диаметрі 600 мм) кәріз коллекторын қалпына келтіру жұмыстары басталатынын хабарлайды. Жұмыс мемлекеттік органдармен келісілді. Коллектордың қызмет ету мерзімі 50 жылдан асты, оны одан әрі пайдалану күрделі төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.
Көшедегі трафиктің көптігін ескере отырып, жұмыс құдықтан құдыққа дейінгі әдіспен асырылады. Жөнделетін учаскелердің арақашықтығы 60 метрді құрайды. 60 метрлік учаскедегі жұмыстар толық аяқталғаннан кейін ғана (асфальттауды қосқанда) келесі учаскеге өтеді. Кәріз коллекторын қайта жаңартуды аяқтау 2020 жылдың 10 желтоқсанына жоспарланған.
Шымкент тұрғындарынан алдағы жұмысқа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Автокөлік жүргізушілері қозғалыс кестесін құрған кезде қайта құру жұмысын ескергені жөн. Егер сізде сұрақтар туындаса, сіз «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не әлеуметтік желілер арқылы хабарласып, +77057581111 нөміріне қоңырау шалып немесе жаза аласыз.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты