Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.10.2020
Су арнасы қысқы кезеңге дайындық жұмысын аяқтады
Қысқы кезеңге дайындық дегеніміз – қала тұрғындарын күзгі-қысқы кезеңде үздіксіз, сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жыл сайынғы арнайы іс-шара. Қазіргі таңда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і 2020-2021 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын толығымен аяқтады.
Дайындық сумен қамтамасыз ету жүйелерінен бастап (су көтеру бекеті, тасымалдаушы магистралды құбырлар, қала ішіндегі таратушы құбырлар, су тораптары мен құдықшалары, қондырғылар), су бұру жүйелеріне және шайынды суларды тазарту қондырғыларына дейін толығымен жүргізіледі.
Дайындық барысында су көтеру бекеттерінде бірінші көтерімдегі, су тасымалдау жүйесіне жататын екінші және үшінші көтерімдегі сорғы станцияларының, ысырмалардың, су өлшегіш құралдарының, кәріз сорғы станцияларының, шайынды суларды тазарту ғимаратындағы қондырғылардың техникалық жұмысқа жарамдылығы тексеріліп, анықталған ақауларды қалпына келтіру және жылыту материалдарымен қаптау жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі уақытта су құбырының 3909, кәріз жүйесінің 10932 құдықшалары, жеке тұлғалардың су өлшегіш құралдары орналасқан 11633 су торабы, жалпы үйлік және жалпы көшелік су өлшегіш құралдары орналасқан 1168 су торабы қысқы кезеңге дайындалды. Сондай-ақ, жүйеде апаттық жағдайлар пайда болған жағдайда уақтылы қалпына келтіру үшін арнайы техника мен көліктерін қысқа дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ағынды суларды тазарту қондырғылары да қысқа дайын. Барлық жұмыстар уақытында жүргізілді, барлық нысандарға дайындық сертификаттары берілді. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық мақсатында тазарту қондырғыларында жоспарлы жұмыстар жүргізілді, оған барлық шаралар кешені кірді. Олар туралы «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і ағынды суларды тазарту қондырғыларының (ТҚ) бас инженері Геннадий Дуржинский айтып берді.
«Біріншіден, ашық аспан астындағы барлық жабдықтар дайындалып жатыр, - деді бас инженер. - Бұл электр қозғалтқыштары мен қосалқы станциялар, құм ұстағыштар, алғашқы тұндырғыштар. Барлық маңызды агрегаттар мен тораптар майланды, қорғаныс қақпақтарының оқшаулануы мен тұтастығы тексерілді. Қар мен мұзды кетіру үшін алғашқы тұтнырғыштарда арнайы щеткалар орнатылды. Аэротенктерде араластырғыштар, қақпалар, шерберлер мен көтергіш механизмдер тексеріліп, майланды. Қар мен еріген судың ішке кіруіне жол бермеу үшін қосалқы станциялар топырақпен қорғалды. Сорғы жабдықтары тексеріліп, дайындалды. Сонымен қатар, барлық ғимараттар мен үй-жайлар жылу оқшаулауына тексерілді».
Су және су бұру жүйелерінің қыс кезінде қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қысқа дайындық іс-шараларын жүргізу өте маңызды. Себебі, жылыту жұмыстары жүргізілмеген жағдайда ысырма, өлшегіш құралдар, қондырғылар істен шығуы мүмкін, ол өз кезегінде су берудің және су бұрудың үздіксіздігін бұзады.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты