Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 28.10.2020
Қазақстанда ауыз сумен проблемалар қай өңірде сақталуда
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлердегі халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.
Ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында байқалады, республиканың үш облысында – Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында – 100% қала халқы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Ауылдық жерлерде сумен жабдықтаудың ең үлкен қамтуы Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында байқалады. Жалпы, министрдің айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен қайта жаңартуға 934 млрд теңге бөлу жоспарланған.
барлық дауыс: 5545
дауыс мұрағаты