Жаңалық - Микс
новость от 29.10.2020
Қазақстанда жыл әкесі таңдалады
Қазақстанда Жыл әкесі 31 қазанда (сенбі) онлайн режимінде өтетін республикалық әкелер форумы кезінде таңдалады, деп хабарлайды Kazpravda.kz «EN BAQYTTY EL» қоғамдық қорына сілтеме жасап. Іс-шара әкелік институтты жетілдірудің жаңа тәсілдерін дамыту мақсатында ұйымдастырылуда. Оған бүкіл Қазақстанның белсенді әкелері қатысады: әлем чемпиондары, қоғам қайраткерлері, жаттықтырушылар, психологтар, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ Ресей мен Беларуссия әкелері одақтарының жетекшілері.
Біздің ел ажырасу саны бойынша Кавказ және Орта Азия республикалары арасында бірінші орында, сонымен қатар ТМД елдерінің үштігіне және әлемнің алғашқы он мемлекетіне кіреді. Суицидтер мен зорлау жағдайларында да жағымсыз жағдай орын алуда. Бұл мәселелердің барлығын әкелік институт нығайтылған жағдайда жеңуге болады. Осы мақсатта «Әкелік институтын қолдау және дамыту жөніндегі шаралар кешені» әлеуметтік жобасы аясында республикалық әкелер форумы өтіп жатыр. Форум барысында әр түрлі мамандықтағы әкелер бір-бірімен ерлердің отбасы мен қоғамдағы рөлі туралы білімдерімен бөліседі. Форумның шарықтау шегі ретінде «Жыл әкесі-2020» таңдауы болады.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты