Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 29.10.2020
Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану мәселелерін талқылады
Халықты және шаруашылық салаларын сумен қамтамасыз ету, трансшекаралық өзендердің ластануы мен су ресурстарының сарқылуын болдырмау шаралары – осы және басқа мәселелер Новосібірде өткен трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының отырысы барысында қаралды. Кездесуде тараптар халықты және экономика салаларын сумен қамтамасыз ету шарттары, трансшекаралық су объектілерінің ластануы мен сарқылуының алдын алу шаралары туралы ақпаратпен алмасты.
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы мен гидрологиялық режимін жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылау нәтижесінде ірі өзендердің бассейндерінде (Жайық, Ертіс және басқалары) зерттеулер бойынша ынтымақтастықты арттырудың бірыңғай Жол картасы бекітілді.
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты