Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 01.11.2020
Базарқакпа тұрғын алабындағы кәріз жүйесі ретке келтіріледі
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабына барды. Ол ең алдымен бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған кәріз жүйесінің жұмысымен танысты. Базарқакпа тұрғын алабында орталық (негізгі) кәріз жүйесі Тельман және Далабазар көшелерімен өтеді. Көршілес Шаңырақ шағын ауданының орталық кәріз жүйесі Айбот көшесімен өтеді. Бұл кәріз жүйесі 2010 жылы жабылған.
2017 жылы мердігер компания «ТКСК-Строй» ЖШС 3,3 шақырым кәріз жүйесінің құрылысын аяқтады. Нәтижесінде 20 көп қабатты үй кәріз жүйесіне қосылды. Алайда, тұрғын үй аумағы толық магистралды кәріз жүйесін орнатуды және ішкі кәріз жүйесін қосуды талап етеді. Өйткені ағынды суларды Сайрам өзеніне тастау қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Қала әкімі жағдаймен орталық кәріз жүйесін қаланың энергетика және тұрғын үй басқармасы балансына өткізіп, қайта құру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты