Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 02.11.2020
Енді қазақстандықтар қаржылық пирамидаларды мобильді қосымшадан тани алады
Халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру және алдын-алу шаралары аясында «Fingramota Online» мобильдік қосымшасында «Қаржы пирамидалары және қаржылық алаяқтық» атты жаңа бөлім құрылды.
Бұл бөлімде мобильді қосымшаның пайдаланушылары қаржылық пирамидалар немесе қаржылық алаяқтық белгілері бар компаниялардың қызметі туралы жедел кеңестер ала алады. Сондай-ақ, қолданушылар күмәнді ұйымдардың қызметі туралы кеңес ала алады, олар кездестірген алаяқтық схемалар, күдікті сілтемелер, әлеуметтік желілердегі аккаунттар, желідегі топтар және басқа да алаяқтық фактілері, оның ішінде қаржылық пирамидалар құру туралы хабарлай алады.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты