русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 03.11.2020

Шымкент қаласын кәрізбен қамту 49,1%-дан 52,3%-ға дейін артады
Шымкент қаласы бойынша кәріз жүйесімен қамтамасыз ету деңгейі 49,1% құрайды. Бүгінгі таңда қалада 838 км кәріз құбырлары бар, оның 168 км магистральдық және 670 км ішкі жүйелер. Алайда құбырлардың 73 пайызы тозған.
Қазіргі кезде халықты кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін 3 негізгі және 14 ішкі кәріз жүйесінің құрылысы жүріп жатыр.
«Тоғыс» шағын ауданындағы магистралды кәріз жүйесінің құрылысы 2020 жылдың аяғына дейін аяқталады. Егер Арғынбеков көшесінің бойында кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, 6 елді мекен кәріз жүйесіне қосылады. Бұл құрылыс жұмыстары 2021 жылға қарай басталады. Ал «Тұран» шағын ауданындағы 25,26,28,29 блоктарындағы негізгі кәріз жүйесінің құрылысы аяқталғаннан кейін 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылады.
Қазіргі уақытта 140 мың тұрғыны бар 14 шағын ауданда ішкі кәріз құрылысы басталды. Құрылыс келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.
Биылғы жылдың соңына дейін мемлекеттік және жеке инвесторлар есебінен 136 көпқабатты үйге арналған кәріз жүйесін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін қаланы кәрізбен қамту 49,1%-дан 52,3%-ға дейін артады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары