Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.11.2020
Азаматтық қорғаныс – қажетті деңгейде
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де азаматтық қорғаныс бөлімдеріне шолу өткізілді. Жұмысшылардың техногендік және табиғи апаттарға дайындығын Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері тексерді. Нәтижелер қанағаттанарлық деп танылды. Мекеме қауіпсіздік мәселелеріне, қызметкерлердің ықтимал төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттеріне үлкен көңіл бөледі. Жиі тренингтер мен сабақтар өткізіледі, брифингтер беріледі. Жұмысшылардың әрқайсысы жер сілкінісі немесе өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін біледі. Пандемия кезінде кәсіпорынның азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы ерекше маңызға ие. Сондықтан төтенше жағдайға дайындық мәселесі мекеме басшылығының ерекше бақылауында.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты