Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 04.11.2020
Маңғыстау су тапшылығын толтыруға ниетті
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының қала халқы ауыз сумен 100%, ауыл халқы 75,8%-ға қамтамасыз етілген. Осыған байланысты облыста елді мекендерді сумен жабдықтауға арналған бірқатар нысандардың құрылысын аяқтау жоспарлануда, бұл көрсеткішті 79,3%-ға дейін жеткізеді.
Маңғыстау ауыз су тапшылығын болдырмау үшін тұщыландыру қуатын кеңейтуге ниетті. 2020–2025 жылдарға арналған тиісті кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Оның бірінші тармағы – Ақтаудағы Каспий тұзсыздандыру зауытының өндірістік қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін кеңейту. Ол үшін «жол картасы» бекітілді, дайындық жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, Кендірлі курорттық аймағында қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр су тұщыландыру қондырғысы салынуда. 2021 жылдың бірінші тоқсанында Қаражанбас кен орнында қуаттылығы тәулігіне 17 мың текше метр су шығаратын қабатты суды тұщыландыратын зауыт жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, Қарақиян ауданы, Құрық ауылында қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метр су шығаратын тұзсыздандыру қондырғысының құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты