Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 08.11.2020
Қазақстандықтарға құжаттардың мерзімі біткенде SMS келеді
Енді мобильді азаматтардың деректер базасында телефон нөмірлері тіркелген қазақстандықтар жеке куәліктің, төлқұжаттың және жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталғандығы туралы SMS хабарлама алады.
Еске салу және қызметке сілтемесі бар хабарлама жарамдылық мерзімінен бір ай бұрын келесі мәтінде келеді: «Жеке куәліктің (паспорт, жүргізуші куәлігі) мерзімі жақын арада аяқталатынын еске саламыз. Жаңа құжатты алу үшін eGov.kz арқылы үйден шықпай-ақ өтініш бере аласыз».
Жеке куәлік пен төлқұжатты «Төлқұжат, жеке куәлік алу» қызметін пайдаланып жаңартуға болады. Мерзімі өткен жеке куәліктерді тек ХҚО-да ауыстыруға болатындығын ескеріңіз.
Жүргізуші куәлігін eGov.kz порталына онлайн-өтінім беру арқылы, мерзімі өткен, тегі, аты және әкесінің аты өзгерген, құжаты жоғалған немесе ұрланған жағдайда қайта ресімдеуге болады. Ол үшін порталда «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау қажет.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты