Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 09.11.2020
Климаттың өзгеруі мәселесі бойынша үшінші Орталық Азия конференциясы өтті
Онлайн-конференцияның мақсаты – климаттың өзгеруіне қатысты аймақтық диалогты нығайтуға көмектесу және аймақтағы елдер арасында климаттың өзгеруіне және пандемияға байланысты алынған салдар туралы хабардарлықты арттыру.
Қазақстан өкілі Зүлфия Сүлейменова біздің ел Париж келісімінің қатысушысы бола отырып және болашақтағы қауіп-қатерлер туралы біле отырып, әлемдік температураның индустрияға дейінгі деңгейден 1,5 градусқа дейін көтерілуін тежеуге үлес қосатын ерікті міндеттемелер қабылдағанын баса айтты. Ол сондай-ақ ірі экологиялық, энергетикалық, өнеркәсіптік, химиялық және тау-кен өндірістерін қамтитын парниктік газдар шығарындыларының сауда жүйесі жаңа Экологиялық кодекс аясында жетілдірілетіндігін атап өтті.
Осы Кодексте парниктік газдар шығарындыларын 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейін және 2026 жылдан бастап 2030 жылға дейін 15%-ға төмендету қажеттілігін ескере отырып, азайту қарқыны қарастырылған.
барлық дауыс: 5543
дауыс мұрағаты