Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 09.11.2020
Су қауіпсіздігі бойынша Сенатта өткен үкіметтік сағатта Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев трансшекаралық өзендер проблемалары бойынша Қытаймен келіссөздер жүргізу қиын екенін мойындады.
Бүгінгі күні трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу туралы келісімнің болмауы басты проблема болып табылады. Экология министрлігінің басшысы Қытай ешқандай шекаралас елмен су бөлу туралы келіссөз жүргізбейтіндігін баса айтты. Қазақстан ҚХР келіссөздер жүргізіп жатқан бірінші және жалғыз мемлекет.
Қазақстан Келісімге трансшекаралық өзендердің экожүйесін сақтау мәселелерін қосуды талап етеді. Қытай тарапы бұған мүдделі емес.
Соған қарамастан, қазақстандық сарапшылардың табандылығының арқасында өткен жылы Қытай тарапымен су ресурстарына және трансшекаралық су объектілерінің экожүйелерін сақтауға құқықтарын жан-жақты қарастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Келіссөздер жалғасуда.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты