Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 09.11.2020
Өтеміс арнасында күрделі жөндеу жүріп жатыр
Шымкент қаласының Өтеміс елді мекенінің аумағында орналасқан Өтеміс каналының өткізу қабілетін арттыру мақсатында 10 км бетонға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жыл соңына дейін аяқталады.
Каналдың жалпы ұзындығы 10 км, ал іргелес жер учаскесінің ауданы 369 га құрайды. Қазіргі кездегі су сыйымдылығы – 1 текше метр. Канал Өтеміс ауылындағы 312 үй мен 15,6 га жерді сумен қамтамасыз етеді. Каналдың сулылығы төмен болғандықтан, қазіргі кезде 90 гектар жер ғана пайдаланылады.
Жөндеу жұмыстары аяқталса, 369 гектар егістік жер толығымен игеріліп, су сыйымдылығы 1,5 текше метрге дейін артады. Сонымен қатар жылына 250 тонна көкөніс, 100 тонна жарма және 350 тонна жем өндіруге болады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты