Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 10.11.2020
Павлодар облысындағы 16 елді мекен таза ауыз сумен қамтылды
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РММ бастамасымен Павлодар облысының Май ауданында жергілікті топтық су құбырын реконструкциялау жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде 11 мың адам тұратын 16 елді мекенді таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік беретін су тазалау станциясы іске қосылды. Су құбырының ұзындығы 148, 7 шақырымды құрайды. Су көзі – жер асты сулары. Жобалық өнімділігі – тәулігіне 4150 метр куб. Жоба құны 5 млн теңгеден асады.
Май топтық су құбырының реконструкциясы мен су тазарту станциясы іске қосылғаннан кейін аудан тұрғындары тек таза ауыз суға қолжеткізіп қана қойған жоқ, сонымен бірге тұрмыстық қажеттілік пен шаруашылыққа да тазартылған су пайдаланатын болды.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты