русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 11.11.2020

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС абоненттерінің назарына!
«Cу ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң әкімшілігі Шымкент қаласының тұтынушыларына қазіргі уақытта сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушылардың абоненттік базасын түгендеу жүргізіліп жатқандығы туралы ресми түрде хабарлайды. Бұл бағдарлама типтік қызмет көрсету жеке келісімшарттарын қайта жасасуды қарастырады. Абоненттерге дилерлік ұйымдардың өкілдері келетіндігін, пайдаланушылардың өздері ешқайда барудың қажеті жоқ екенін ескертеді. Келісімшарттарды қайта жасасу кезінде абонентте жеке куәлік пен жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат болуы тиіс (egov.kz-тен меншік құқығы туралы анықтама).
Келісімшартқа қол қойғаннан кейін абонент сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін төлем құжатын (түбіртек) алу тәсілін таңдай алады. Ол екі түрлі болуы мүмкін: қағаз және электронды.
Абоненттерге ыңғайлы болу, уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін «Cу ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і 2021 жылдың бірінші тоқсанында мобильді қосымшаларды – Whatsapp және Telegram мессенджерлерінде чат-боттарын енгізуді жоспарлап отыр. Олар арқылы абоненттер төлем құжаты мен түрлі хабарламаларды ала алады, сонымен қатар суды тұтыну бойынша көрсеткіштерді жібере алады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары