русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 12.11.2020

Гагарин көшесіндегі қалпына келтіру жұмыстары жедел қарқынмен жүруде
Шымкенттегі ең көне көшелердің бірінде 29 қазанда диаметрі 600 мм болатын жаңа коллекторды төсеу жұмыстары басталды. Нысанды 2020 жылдың желтоқсан айының бірінші жартысында пайдалануға беру жоспарланған. 13 жұмыс күнінде жұмысшылар 700 метрден астам, яғни жоспарланған көлемнің жартысына жуығын өтті. Жұмыс еңбекті қорғау мен санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуда. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады – жұмыс алаңында арнайы қоршаулар, ескерту белгілері мен жарық индикаторлары орнатылды.
Құбырды траншеяға салғаннан кейін, ол топырақпен жабылады, содан кейін қосарлы тығыздау жүргізіледі – қолмен және механикалық. Шөгу байқалатын жерлерде қосымша қиыршық тасты толтыру жүзеге асырылады, ол миникатоктың (тығыздау машинасы) көмегімен тығыздалады. Жаяу жүргіншілер бөлігі мен жол мұқият тазаланып, топырақ қалдықтарынан жуылады. Жаяу жүргіншілер қазірдің өзінде жаңа коллектор салынған жерлерде қауіпсіз қозғала алады. Көше бойындағы негізгі жұмыстардан кейін тас жолдағы жұмыс жүргізілген учаскеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Жол жамылғысының қалпына келтірілуіне аса назар аударылады.
Естеріңізге сала кетейік, кәріз коллекторының 1600 погон метрін жаңарту жоспарланған. Алдыңғы коллектор ескірген, оны одан әрі пайдалану ауыр апаттарға және күтпеген салдарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң әкімшілігі дұрыс сәтті таңдады – Гагарин көшесіндегі асфальтбетонды жабындының күрделі жөндеу жұмыстары 2021 жылға жоспарланған.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары