Жаңалық - Микс
новость от 15.11.2020
Желтоқсан мен Жаңа жылда қазақстандықтар қанша күн демалады
Желтоқсанда қазақстандықтарды екі мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздік күні күтуде, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
Желтоқсан айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Оларға қаңтардың басындағы демалыс қосылады.
Елімізде 1 желтоқсан (сейсенбі) Тұңғыш Президент күні ретінде тойланады.
16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні аясында демалыс. 20 желтоқсаннан (жексенбі) демалыс 18 желтоқсанға (жұма) ауыстырылды. Осылайша, қазақстандықтар төрт күн демалады, ал жексенбі (20 желтоқсан) жұмыс күні болады.
31 желтоқсан, әдеттегідей, Қазақстанда ресми демалыс күні емес. Жаңа жыл 1 қаңтарда, жұмада басталады. 2 қаңтар мерекесі сенбіге сәйкес келетіндіктен, 4 қаңтар (дүйсенбі) де демалыс болады. Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады.
7 қаңтар (бейсенбі) – Рождество мерекесі, 2021 жылдың бірінші айында тағы бір демалыс күні.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты