Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.11.2020
Кәріз желісін дұрыс пайдаланбау көп қабатты сектор тұрғындары үшін күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін
14 қараша күні таңертең «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметіне «Отырар» шағын ауданынан өтініш келіп түсті. №47 үйдің тұрғыны көшеде коллектор бітеліп қалған, нәтижесінде көп қабатты үйдің жертөлесінде кәріз желілері жарылып кету қаупі бар деп хабарлады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң кәріз желісіне техникалық қызмет көрсету бөлімінің кезекші тобы жарты сағат ішінде оқиға орнына барып, тосқауылды жедел түрде жойды.
Бітелудің себебі – тұрмыстық қалдықтар, оны жақын маңдағы тұрғындар кәрізге төгіп тастаған. Біз қала тұрғындарына кәріз жүйесі қоқыс тастайтын жер емес екенін тағы да ескертеміз! Қатты тұрмыстық қалдықтар мен гигиеналық заттарды желіге тастамаңыздар, бұл ең алдымен үйлердің өздерінде күрделі мәселелер туғызуы мүмкін!
«Мен, «Отырар» шағын ауданының, №47 үйдің тұрғынымын, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і мамандарына өтінішке жедел жауап бергендері үшін үлкен ризашылығымды білдіремін. Жігіттер кәріз жүйесін тазартты, бітелу себептерін тез арада жойды. Сіздерге қиын жұмыстарыңызда шыдамдылық пен сәттілік тілеймін!!!», - деп шағын аудан тұрғыны өз пікірін қалдырды.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты