Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 17.11.2020
Кәріздегі тіреу!
Алпысбаев пен Римский-Корсаков көшелерінің қиылысында көшелерді жарықтандыруға арналған жаңа тіреулер орнатылды. Бірақ тіреулерді орнатушылар бір маңызды мәселені ескермеді – тіреулер кәріз желісін тесіп, нәтижесінде ағып кету басталды.
Тұрғындар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң диспетчерлік қызметіне қоңырау шалып, ағып кету туралы хабарлады. Жөндеу қызметтері сараптама жүргізіп, бұл жеке желі болып шықты, яғни ол кәсіпорын теңгерімінде емес, жеке адамға тиесілі болды. Бұл жеке адам өз желісінің қауіпсіздігіне жауап береді дегенді білдіреді.
Мердігер тіреулерді осылай қалай орнатқан? Римский-Корсаков көшесінің тұрғындары тіреудің коллекторға орнатылғанына алаңдайды. Бұл кез келген уақытта желіге қосылған тіреудің құлап кетуіне әкелуі мүмкін! Және бұл күтпеген салдарға әкеледі.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і жарық бағаналарын орнатуға тапсырыс берушіден осы жағдайға назар аударуын сұрайды. Проблеманы шешуге Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын қосылуды сұраймыз.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты