Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 17.11.2020
Жұмыспен қамту орталығының қызметтері енді қазақстандықтарға онлайн режимінде қол жетімді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың 17 қарашасынан бастап республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін тестілеу режимінде жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін қашықтықтан ұсыну функционалын іске қосты.
Енді электронды еңбек биржасындағы (ЭEБ) «жеке кабинетте» қазақстандықтар жұмыс іздеуші немесе жұмыссыз ретінде тіркелуге, сондай-ақ мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарының бос орындарын өз бетінше таңдауға және т.б. қол жеткізе алады. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді онлайн режимінде алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы ЭEБ-ға тіркелу қажет.
Интернет немесе компьютер болмаған жағдайда қызметтерді өзіне-өзі қызмет ету аймағын пайдаланып жұмыспен қамту орталығында алуға болады. Бұл азаматтарға жұмыспен қамту орталығындағы маманға жазылуға кезекті күтпеуге және COVID-19 пандемиясы аясында бетпе-бет байланыстарды азайтуға мүмкіндік береді.
«Жеке кабинетте» қазақстандықтар оларды тіркеу кезеңдерін бақылай алады. Азаматтар жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін ЭEБ-ға онлайн режимінде жұмысынан айрылғаны үшін әлеуметтік төлемдер туралы өтініш жібере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындары – жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарға арналған бос орындарды өз бетінше таңдай алады.
Жұмыс іздеуші, жұмыссыз ретінде тіркелу, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жолдама беру, жұмысынан айрылғаны үшін әлеуметтік төлемдер алу бойынша қызметтерді ұсыну туралы қосымша ақпаратты ЭEБ порталынан немесе жұмыспен қамту орталығынан білуге болады.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты