Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.11.2020
Шымкенттегі жасыл энергия
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» тақырыбында VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияда Қазақстанның және, атап айтқанда, Шымкенттің тұрақты экономикалық даму моделіне көшуді қолдайтын Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) арасындағы «жасыл» ынтымақтастыққа шолу жасалды. ЕҚДБ жанындағы SIG Инфрақұрылым-Еуразия департаментінің бас банкирі, қауымдастырылған директор Бахтиер Файзиев «жасыл» қаржыландыру қазіргі уақытта олардың қызметінің маңызды және басым бағыттарының бірі болып табылатындығын баса айтты. Айтылған ақпаратқа сәйкес, «жасыл» жобалар Қазақстандағы ЕҚДБ қаржыландыруының шамамен 30%-н құрайды: 2007 жылдан бастап 2020 жылдың тамызына дейін 105 «жасыл» жобаға 2,1 миллиард еуродан астам қаражат салынды.
Банк өкілдері «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің «жасыл» биогаз жобасын ерекше атап өтті. ЕҚДБ мен кәсіпорын арасындағы алғашқы келісім 11 жыл бұрын жасалған, содан бері компания жұмыс істеп, 5 қаржыландыру келісіміне қол қойды. Файзиев мырза «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і жеке компания бола отырып, республикадағы және жалпы аймақтағы басқа кәсіпорындарға үлгі бола алады деп санайды.
Жасыл инвестициялар ағынды суларды тазарту қондырғыларын жаңартуға бағытталған. Бүгінгі таңда қалдықтардан кешеннің өз қажеттіліктерінің 60%-ын жабатын биоэнергия өндіріледі.
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты