русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 25.11.2020

Шымкентте Өңірлік комиссияның отырысы өтті
2020 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Өңірлік комиссияның отырысын өткізді, онда келесі мәселелер қаралды:
1. «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ның суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суларды бұру қызметіне 2021-2025 жылдарға арналған тарифтер жобасын қарау.
2. «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ның 2020 жылғы қолданыстағы инвестициялық бағдарламасына өзгеріс енгізу жобасын қарау.
3. «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ның 2020 жылғы қолданыстағы инвестициялық бағдарламасына өзгеріс енгізу жобалары қаралып талқыланды.
Өңірлік комиссия төрағасы шешім Өңірлік комиссия қатысушыларының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданатынын атап өтті.
Өз кезегінде, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының негізгі мақсаттарының бірі, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын, сондай-ақ бекітілген тарифтердің негізділігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары