Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.11.2020
Келісімшарттарды қайта жасасу кезінде ЖСН не үшін қажет
Сұрақ: Неліктен сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша жеке келісімшарттарды қайта жасасу кезінде дилерлік орталықтардың өкілдері тұтынушылардан жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) талап етеді?
Сұраққа «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і заң бөлімінің бастығы Кеңес Әлібаев жауап береді.
- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес тұтынушымен есеп айырысу жүргізген кезде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і өзінің БСН-і мен төлеушінің ЖСН-н көрсетуге міндетті. Осылайша, мекеме өз әрекетерінің заңдылығын көрсетеді. Ақшалай операциялармен келісімшарттар жасасу кезінде контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету әдеттегі тәжірибе болып табылады. Үлгі келісімшартта мекеме құпия деректерді қорғауы және оны үшінші тұлғаларға бермеуі керек делінген. Сондықтан біз мәліметтерді біздің мекеме өкілдеріне беруді ұсынамыз. Егер сіз мәліметтерді талап етіп жатқан тұлғаның «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і қызметкері екендігіне күмәндансаңыз, қызметтік куәлікті сұраңыз.
Сұрақ: Мен күні бойы жұмыста боламын, мүмкін сіздің өкілдеріңіз бізге келді, бірақ бізді таппады. Келісімшартты қайта жасасу үшін не істей аламыз?
Сұраққа «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і тұрғындармен жұмыс жөніндегі қызметтің бастығы Орынбек Әлімқұлов жауап береді.
- Абонент келісімшартты қайта жасасу үшін дилерлік ұйымның өкілімен (контролермен) байланысып, кездесу уақытын келісе алады. Біздің қызметкерлердің де отбасылары бар екенін және олар да демалу керек екенін ескеріңіздер. Сондықтан ең қолайлы жолдардың бірі – дилерлік кеңсеге бару. Олар сенбі күні толық жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нде абоненттік базаны түгендеу жүріп жатқандығын, соған байланысты келісімшарттар қайта жасалып жатқанын еске саламыз. Қайта жасасу аясында абоненттерден телефон нөмірлері мен ЖСН сұралуда. Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушыға құжатты қандай – қағаз немесе электронды (WhatsApp және Telegram қосымшалары арқылы) түрде алғысы келетінін таңдауға ұсынылады.
Біздің мекеме құпия ақпараттың сақталуына кепілдік береді. Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге тікелей жазуға немесе телефондар арқылы қоңырау шалуға болады: +77057581111, +77019892219 (WhatsApp).
барлық дауыс: 5536
дауыс мұрағаты