Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.11.2020
Есептеу құралдары тұрған құдық қақпағы зақымдалды
29 қараша күні таңертең Әлібеков көшесінен (бұрынғы Октябрьдің 40 жылдығы) ауданда жол жұмыстарын жүргізетін компанияның қызметкерлері есептегіш құралдары орналасқан құдықтың қақпағын зақымдағаны туралы хабар келді. Тұрғындар осыған байланысты су құбыры қатып, ауыз сусыз қаламыз ба деп алаңдады.
Өтінім дереу «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметіне жіберілді, оқиға орнына «Танташев» ЖК дилерлік ұйымының өкілдері барды. Шамасы, үлкен көлікпен соқтығысу нәтижесінде қақпақ зақымдалған көрінеді. Жағдай жедел түзетілді – қақпақ қалпына келтірілді.
Біз жол жұмыстарын жүргізетін мердігерлерге сумен жабдықтау және су бұру қондырғыларында жұмыс істеген кезде мұқият болуларын сұранамыз. Сынған немесе зақымдалған жағдайда бұл туралы кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне хабарлаңыз. Немесе, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і мұндай мәселелерді сот арқылы шешуге құқылы.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты