Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 01.12.2020
Қазақстан мен Венгрия: су ресурстары саласындағы қалыптасқан әріптестікті нығайту мәселелері қаралды
Қазақстанның Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михая Галошфаимен кездесуінде екі елдің су ресурстары саласындағы қалыптасқан әріптестігін нығайту мәселесі сөз болды. Еске салсақ, Қазақстан мен Венгрия арасында су ресурстары саласындағы әріптесік бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылып, Бірлескен сарапшылық топ құру жайында келісімге қол жеткізілген.
«Осыған байланысты пандемияға қарамастан бізге осы бағыттағы әріптестікті тереңдетіп, жақын аралықта Бірлескен сарапшылық топты құру керек. Сонымен қоса, Венгрия тарапына Қазақстанның трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау бойынша Конвенцияға төрағалық етуі мен «Трансшекаралық контексте су ресурстарын бөлу» және «Экологиялық ағын – экологиялық жүйені сақтаудың негізі» жобаларына сарапшылық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргіміз келеді», - деді министр.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты