Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 03.12.2020
Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін 17 нысан салынуда
Шымкентте кәріз жүйесімен қамтамасыз ету көрсеткіші 49,1% құрайды. Көрсеткішке қала орталығындағы 2196 көп қабатты және шағын аудандардағы 37540 жеке үйлер кіреді.
Әл-Фараби ауданы тұрғындарды кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша көшбасшы болып табылады – аудан аумағы қала орталығында орналасқандықтан, үйлердің 81,5% кәріз жүйесіне қосылған. Еңбекші ауданында ағынды сулармен қамту 50%, Абай ауданында – 42,5%, Қаратау ауданында – 26,3%.
Қаланы кәріз жүйесімен қамтуды арттыру үшін 17 нысан салынуда. Жобаның жалпы құны 16,5 млрд теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді.








