русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 06.12.2020

Қазақстан мен Ресей: Жайық пен Ертіс трансшекаралық өзендерінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру
Мәскеу қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі А.Козловпен кездесті.
Ресми кездесуде қабылданған құжаттардың ішінде Жайық трансшекаралық өзені экожүйесін сақтау және қалпына келтіру туралы 2021-2024 жылдарға арналған қазақ-ресей әріптестік бағдарламасы бар.
Соңғы жылдары Жайық өзенінің ағыны төмендеген. Жайықтың тартылуы – екі елдің ортақ экологиялық проблемасы. Бұл жағдай жалпы өзен бассейнінің флорасы мен фаунасының нашарлауына әсерін тигізді. Қабылданған бағдарлама бұл бағытта тиімді нәтижелерге қол жеткізуге, жалпы, Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтап қалуға септігін тигізеді.
Кездесудегі күн тәртібінің тағы бір маңызды пункты екі елдің Ертіс өзені алабы экожүйесін сақтау мен қалпына келтірудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау болды. Бағдарлама актуалды проблемаларды шешу бойынша іс-шаралар кешенін қарастырады. Бағдарлама аясында су өткізу нысандарын реконструкциялау, су нысандарын қалыпқа келтіру, сарапшылардың өзен алабының гидрологиялық және гидрохимиялық жағдайы бойынша бірлескен жұмыс жүргізуі мен еріктілер қозғалысын жандандыру және тағы басқа жобалар жоспарлануда.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары