Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 06.12.2020
Неліктен түрлі-түсті маскалар қауіпті
Түрлі-түсті маскалар химиялық боялған синтетикадан жасалған болса, терінің жағымсыз реакцияларын тудыруы мүмкін. Көшеде қара маска киген адамдар көп. Оның құрамында тері ауруын тудыратын бояғыш бар. Мұның бәрі дерматозды қоздыруы мүмкін, өйткені қара бояғыш өте аллергенді, егер маска синтетикадан жасалған болса, онда мұндай масканы, әрине, қолдануға болмайды.
Шүберек маскаларын үнемі ауыстырып немесе жақсылап жуу керек.
Қазір балаларда түрлі-түсті маскалар өте көп. Мұнда, ең алдымен, өндірушіге және сапаға назар аудару керек. Егер бала мұндай масканы ұзақ уақыт ауыстырмай немесе жумай жүрсе, бұл жасөспірімнің бетінде безеулерді күшейтуі мүмкін. Міндетті түрде масканың тазалығын қадағалау қажет.
Ең дұрысы – бір реттік медициналық масканы таңдаған жөн, оны жүйелі түрде ауыстып отыру қажет.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты