Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 06.12.2020
Түркістандағы сумен жабдықтау
Түркістан қаласында 171 919 тұрғын мекендейді. Оның ішінде 170 028 тұрғын (98,9%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Ауыз су Кентау қаласының су көздерінен (Біресек-Хантағы, Мирғалимсай) диаметрі 630 мм магистральдық су құбыры арқылы Түркістан қаласына жеткізіледі.
Қаланы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсатында 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі күні 4 объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр.
Түркістандағы әкімшілік-іскери орталықтың перспективалық дамуы негізінде жаңа тұтынушыларды сумен қамтамасыз ету үшін 45,9 км магистралды су құбыры мен сыйымдылығы 2х10000 м2 су қоймасы салынуда. Егер жоба іске асырылса, тұрғын үйлер, әлеуметтік және әкімшілік ғимараттар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты