Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 07.12.2020
6 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі 94,7% құрайды. Биыл тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 магистральдық құбыр, 17 ішкі су құбыры салынуда және 8-нде ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Бүгінгі күні 6 тұрғын ауданда құрылыс жұмыстары аяқталды, 6 мыңға жуық адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқталады. Олардың ішінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Көкбұлақ, Қызылжар, Азат шағынауданы, Бадам ықшамауданы, 195 орам, Тассай шағын ауданы.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін Достық, Игілік, Жаңаталап, Бадам, Бадам-2 шағын аудандарында, Тұран шағынауданының солтүстік-шығыс бөлігі мен Достық тұрғын алабында инженерлік желілердің құрылысы аяқталады, осыған байланысты тұрғындар сапалы ауыз суға қосылады.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін Ахунбабаев-Көкбұлақ магистральдық су құбырының 28,3 км және Тұран магистральдық су құбырының 6,88 км пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 94,7%-дан 95,6%-ға дейін артады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты