Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 14.12.2020
Қазақстанның Экология министрлігі қандай маңызды заң жобаларын дайындауда?
Қазақстандықтар экологиялық мәселелерге көбірек назар аудара бастады. Атап айтқанда, жақында жануарларға қатыгездік жасау және ағаштарды заңсыз кесу сияқты атышулы оқиғалар қоғамда алаңдаушылық туғызды.
Жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті орган қандай шаралар қабылдады?
Жаңа экокодекс
Ол жеті негізгі қағидалардан тұрады, олардың бастысы «ластаушы төлем жасайды және түзетеді». Заң жобасына енгізілген түзетулер халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін іс-әрекеттердің алдын-алу үшін алдын-ала ескертусіз тексерулер жүргізуге, сондай-ақ қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін қадағалауға мүмкіндік береді. Экокодекске сәйкес ірі кәсіпорындар қолда бар ең жақсы технологияларды енгізеді. Заң жобасындағы өзгертулер қоршаған ортаны қорғау шараларына 100 пайыз экологиялық төлемдер жіберуге мүмкіндік береді. Қалдықтар проблемасы да әлеуметтік маңызды болып табылады. Сондықтан GPS-датчиктерін қоқыс шығаратын көліктерге міндетті түрде орнату – бұл жаңа Экокодекстің тағы бір нүктесі.
Ағаш кесуге қарсы
Ағаштарды заңсыз кесу маңызды проблема болды және болып та қала береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағаштарды заңсыз кескендерге жаза қатаңдатылды. Сонымен, жасыл желектерді жойғаны үшін шығын 10 есе, ал Қызыл кітапқа енген ағаштар заңсыз кесілген жағдайында 30 есе өтемақы төленеді. Министрлік өсімдіктер әлемі туралы заң жобасын да әзірледі. Бұл сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтау мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.
Жануарларды қорғау
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасын қарау шеңберінде үкімет отырысының қарауына ұсынылған қорытынды дайындады. Заң жобасында жануарларды қорғау саласында қоғаммен бірлесіп әзірленген жануарларға деген жауапкершіліктің негізгі нормалары қамтылған, заң жобасы Парламент Мәжілісіне жіберілетін болады және заң жобасының ережелерін қоғамның міндетті қатысуымен қарастыру бойынша бірлескен жұмыс жалғасады.
Осылайша, осы заң жобаларын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қабылдағаннан кейін қоғамдық бақылау күшейтіліп, барлық қабылданған нормалардың орындалуына бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты