Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.12.2020
Судың сапасына шағым түсті
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не судың сапасына қатысты шағым түсті. Тимирязев өткелінде тұратын абонент судың дәмі біртүрлі екенін айтты. Өтініш кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметінде тіркелді.
Оқиға орнына «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і зертханасының мамандары және Еңбекші аудандық су арнасының өкілдері шықты. Зертханалық талдау үшін сынамалар алынды және жақын жердегі желілер жуылды. Осыдан кейін судың сапасы қалыпқа келді. Мүмкін, проблемалар осы учаскеде желі тұйыққа тіреліп, тоқыраудың пайда болуына байланысты туындаған шығар. Қалай болғанда да, жағдай түзетілді.
Судың сапасына қатысты шағымдар туындаған кезде абонент «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң орталық диспетчерлік қызметіне 321 274, 87081102121 телефондары арқылы қоңырау шалуы керек екенін еске саламыз. Сіз бізбен әлеуметтік желілер де арқылы байланыса аласыз, біздің мамандар мәселені шешеді.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты