Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 21.12.2020
Жаңа экологиялық кодекс қабылданды
Бүгін Парламент Сенатында еліміздің жаңа Экологиялық кодексінің жаңа редакциядағы жобасы мақұлданды. Баяндама жасаған ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Заң жобасының негізгі бөлімдеріне тоқталды.
«Ластаушы төлейді» қағидатының негізіне ластануды болдырмау мен бақылау бойынша шаралары жатады. Сонымен қатар, қоршаған ортағатигензалалды қалпына келтіруге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Осылайша, мемлекет табиғат пайдаланушыларға экологиялық айыппұл төлеудің орнына қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмау жөніндегі барлық шараларды қабылдау тиімдірек болатындай жағдай жасауы тиіс. Бұдан басқа, экологиялық залал орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны бастапқыда болған қалпына келтіруге міндетті», - деді Мағзұм Мырзағалиев Сенат отырысында.
Сонымен бірге ол Ең озық қолжетімді технологияларды енгізеді деген шартпен бірінші санаттағы объектілер үшін кешенді экологиялық рұқсаттарға көшу ұсынылатынын атап өтті. Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты 50 ірі кәсіпорынды Ең озық қолжетімді технологияларға ауыстыру жоспарланған.
Заң жобасында жергілікті атқарушы органдар түсетін экологиялық төлемдердін есебінен 100% пайыз көлемінде қаржыны табиғат қорғау іс-шараларына бөлуге міндетті екендігі де көрсетілген. Сондай-ақ заңсыз қоқыс тастау мәселесін жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS-датчиктерді міндетті түрде орнату мәселесі көзделген.
«Экологиялық кодекс Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінің сонымен қатар ең озың халықаралық тәжірибені, негізгі ала отрырып әзірленді. Әрине, біз Экологиялық кодекстің қабылдануымен экологиялық жағдай бірден өзгереді деп күтпейміз, алайда кодекске орта мерзімді перспективада экологиялық жағдайды жақсартуға, шығарындылар мен қалдықтарды азайтуға мүмкіндік беретін жүйелі шаралар енгізілген. Сондықтан бұл Кодекс халықтың қоршаған ортаны жағдайы жақсартуға әкелетініне күмәніміз жоқ», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Министр Сенаторлардың қатты тұрмыстық қалдықтарды, медициналық қалдықтардың өңдеуге қатысты сұрақтарына жауап берді. «Қоқыс өндірілмеген жағдайда әкімшілік Кодекс нормаларына сәйкес айыппұл 10 есе өседі. Медициналық ұйымдар жиналған қалдықтарға жауапты. Қалдықтарды қайта өңдейтін мекемелер лицензиялау процесінен өтуге міндетті болады», - деді бұған қатысты министр.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты