русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 22.12.2020

Қазақстанның Экология министрі су тапшылығын болдырмау амалдарын ұсынды
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2030 жылға дейін болжанған су тапшылығын жариялады.
Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев суармалы жерлердің аумағын 2025 жылға қарай 2,2 млн гектарға жеткізу туралы міндет қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев суармалы жерлердің аумағын 2030 жылға қарай 3,0 миллион гектарға жеткізуді тапсырды.
Министр нақты цифрларды атады. «Біздің есептеулеріміз бойынша, суды тұтынудың ағымдағы тенденциясын сақтай отырып (1,5 млн га үшін 13,3 км), 2030 жылға қарай болжамды тапшылық 11,7 км³ құрайды. Осыған байланысты бүгінгі күні су тұтынуды азайту үшін шаралар қажет», - деді министр.
«Осыған байланысты, қазірдің өзінде су тұтынуды қысқарту бойынша шараларды жүзеге асыру қажет», - деп нақты шаралар ұсынды Мағзұм Мырзағалиев.
• Біріншіден, су тапшылығын болдырмау мақсатында күріш егісін 29 мың гектарға азайту қажет. Бұл бір куб километр суды үнемдеуге мүмкіндік бермек.
• Екіншіден, кемінде 750 мың гектар алаңда суарудың су үнемдеуші технологияларын енгізуді жалғастыру керек. Бұл орташа алғанда 30%-ға дейін суды үнемдеуге септігін тигізеді.
• Үшіншіден, 6 мың шақырым суару желілерін қайта жаңарту және 119 негізгі магистралдық каналдарда цифрландыруды жаппай енгізу есебінен жылына 2 км3 су үнемделеді.
• Төртіншіден, 10 жылда 3,6 км3 көлемінде су жинақтау үшін 39 жаңа су қоймасы салынады. 394 мың гектар жаңа суармалы жер су көзімен қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда аталған іс-шараларды сәтті іске асырған жағдайда шамамен 8,8 км3 суды қосымша шоғырландыруға мүмкіндік пайда болады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары