Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 23.12.2020
Үкімет су ресурстарын пайдалану бойынша тапсырмалар берді
Үкімет басшысы А.Мамин ауыл шаруашылығы, экология, сауда министрліктеріне ішкі қажеттіліктер мен егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша қойылған міндеттерді ескере отырып, ылғал сыйымды дақылдарды ауыстыру мәселесінде әкімдермен жұмыс жасауды тапсырды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге трансшекаралық өзендердің өзара тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша көрші мемлекеттердің салалық ведомстволарымен жұмысты күшейту тапсырылды.
Экология және ауыл шаруашылығы министрліктеріне әкімдіктермен бірге су шаруашылығы құрылыстарын салу және қайта құру жобаларын іске асыру, сондай-ақ суды үнемдейтін технологиялар мен суды есептеудің сандық жүйелерін енгізу бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.
барлық дауыс: 5073
дауыс мұрағаты