Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.12.2020
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де өтінішті қабылдаудың электронды түрі енгізілуде
Кәсіпорындағы цифрландырудың келесі кезеңі диспетчерлік қызмет пен эксплуатациялық қызмет көрсетудің жұмысына әсер етті. Апатты жағдайларды жою процесі басынан аяғына дейін «FSMmobilKZ» қосымшасының бірыңғай мәліметтер базасында тіркеледі, бұл орындалған жұмыстар мен талдаудың сапасын бақылауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Барлық сұраныстар кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне жіберіледі, содан кейін оператор-диспетчер оларды жауапкершілік салалары бойынша бөледі. Бұрын бұл үшін эксплуатация учаскесіне жедел қоңырау шалып, оқиға туралы барлық ақпаратты сол жерге жіберіп, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін фотосуреттер мен бейнежазбалар, орындалған жұмыстар мен тексеру актілері және басқа құжаттарды түсіру қажет болатын. Енді мұның бәрі бір қосымшада.
«Қосымшада өтінімді тіркегеннен кейін эксплуатация учаскесінің басшысы хабарлама алады. Онда келесі мәліметтер: өтініш берушінің мекен-жайы мен телефон нөмірі, апат туралы қысқаша ақпарат (ағып кету, кәріздің бітелуі, төмен қысым және т.б.) қамтылған. Оқиға болған жерге бригада келісімен мастер «Дейінгі», ал жұмыс аяқталған соң «Кейінгі» суреттерін түсіруі керек. Бейнежазба жасау қажет. Сонымен қатар, мастер тексеру актіне бұзылудың себебін және басқа да маңызды мәліметтерді енгізеді. Айтпақшы, өтініштің әр кезеңі өзінің түсімен белгіленеді, осылайша визуалды түрде жұмыстың қай сатысында тұрғанын анықтауға болады және бұл өте ыңғайлы», - деді Ғазиза Әліпбай, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң диспетчерлік қызмет бөлімінің диспетчер-операторы.
Жұмыстың тікелей орындаушылары – аудандық су арналары мен эксплуатация учаскелерінің өкілдері де қосымшаға қанағаттануда. Электрондық өтініш оларға уақытты және ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді, мысалы: интернет-трафик, қағаз және жанар-жағармай.
«Барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін біз қосымшада тексеру актісін толтырамыз, бұл бізге де, кәсіпорын басшылығына да талдау жұмыстарын жүргізуге, яғни профилактикалық жұмыстар жүргізу арқылы болашақта сумен жабдықтау желілерінде, құдықтарда проблемалық аймақтарды анықтауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Айтпақшы, бұл қосымшаның тағы бір ерекшелігі – өтініш берушінің электрондық қолтаңбасы. Телефон экранында қол қоюға және жұмысты қабылдауға болады, және ол қосымшада көрсетіледі», - деп Абай аудандық су арнасының бас инженері Дашти Даштиев «FSMmobilKZ» қосымшасының жұмысы туралы өз пікірімен бөлісті.
Жұмыс аяқталғаннан кейін өтініш кураторға – кәсіпорынның бас директорының тиісті орынбасарына түседі (сумен жабдықтау немесе ағынды суды бұру). Өйткені талдау жұмысы оның функционалдық міндетіне жатады.
«Бұл жаңашылдықтың мәні мынада: біз өтініштерге жедел жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар талдау жұмыстарын жүргізіп, әр оқиғаны зерттейміз. Жүйеде судың төмен немесе, керісінше, шамадан тыс қысымы, тозған құбырлар және тағы басқа проблемалық аймақтарды анықтаймыз. Яғни, себеп-салдар байланыстарын анықтап, апаттардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргіземіз», - дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов.
Электрондық өтінішке соңғы болып өзінің визасын кәсіпорынның бас инженері қояды, осылайша өтінім жабық болып саналады. Қазіргі уақытта барлық эксплуатация учаскелерін бағдарламамен қамту үшін қызметкерлерді оқыту жүргізілуде.
барлық дауыс: 5076
дауыс мұрағаты